Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМ 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша Оңтүстік циклонның ықпалында болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
— Еліміздің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-шығыс пен орталықта бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда тұман күтіледі, — делінген ақпаратта.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде -2°С аяз болады. Ал Алматыда ауа температурасы күндіз +18+20 °С, желдің жылдамдығы 3-8м/с.
Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Еске сала кетейік, Алматыда жаңбыр кезінде 13 үйді су басқанын жазған едік.