Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Ұлытау облысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, өңірдің оңтүстігінде дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 11 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 11 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында, күндіз тау бөктерінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 11 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттағы екпіні - 15 м/с. Қонаевта 11 маусымда түнде және таңертең аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттағы екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 11 маусымда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 11 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 11 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 11 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 11 маусымда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 11 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында төтенше өрт қаупі бар. Шымкентте 11 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 11 маусымда төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар. Таразда 11 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде,күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігіндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 11 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде 11 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 11 маусымда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК 11-13 маусым аралығында елімізде күн райы қандай болатыны жөнінде мәлімет жариялады.