Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Күндіз облыстың шығысында бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Айта кетейік, 2025 жыл Қазақстан тарихындағы ең жылы жыл болды.