Жанболат Мелдешов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығынан кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жанболат Мелдешов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Жанболат МелдешовХалықаралық бағдарламалар орталығының президенті лауазымынан кетті. Ол ұйымға2006 жылдан бері басшылық етті. Осы уақыт аралығында Орталық қызметіндекөптеген оң өзгерістер болды. Бірінші басшының жаңашылдық көзқарасы мен жұмысқабар ынтасымен берілуінің арқасында Орталық шетелдік серіктестері арасындабеделін нығайтты. Шетелдік ЖОО-лар бөлетін гранттар санын еселеп арттыруға қолжеткізілді. Бүгінде Қазақстан азаматтарында «Болашақ» стипендиясынан бөлектегін жоғары білім алуына мүмкіндік бар. Жыл сайын үздік ЖОО-лардан 20 мыңнанастам грант тартылады. Жанболат Мелдешов бүгінде сапалы білімге ұмтылғанқазақстандықтар жемісін көріп отырған жобалардың бастауында тұрды», - делінген Facebook-тегі Bolashak scholarship administrator парақшасында.

Мелдешов ЖанболатЖарылқасынұлы 1980 жылы туған, қазақ, жоғары білімді.Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығыбойынша үздік бітірген және Ресей Халықтар достығы университетін «Менеджмент»мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Ресей Халықтар достығыуниверситетінде «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша аспирантураны аяқтаған.Оқу жылдары Мәскеу Қазақ жастары қауымдастығының президенті және «Мұрагер»Мәскеу Қазақ мәдениеті қоғамы» РҚБ даму жөніндегі директоры қызметтерінатқарған.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастады. 2007 –2009 жылдар аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бас менеджері,бөлім бастығы және вице-президенті лауазымдарын атқарды. Кейінгі жылдары«Білім» білім беру қызметі орталығы» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстаноблысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары болыпқызмет етті.

2014 жылдан бастап коммерциялық құрылымда жұмысатқарған.

2016 жылғы 13 қыркүйектен бастап ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламаларорталығы» АҚ президенті болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің«Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі (University of Exeter, Master ofPublic Administration).

Соңғы жаңалықтар