Жанбота Алдабергенова фристайлдан Еуропа кубогының кезеңінде бірінші орынға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 30 қаңтарда, Минскіде фиристайлдан Еуропа кубогының шаңғы акробатикасы сайысы екінші кезеңінің жарыстары өтті, деп хабарлады ffr-ski.ru.

Ресейлік Кристина Спиридонова екінші күн қатарынан Еуропа Кубогы кезеңінің мінбесіне көтерілді. Егер алғашқы күні ол жоғарғы сатыда болса, кеше екінші орынға шықты. Ол жеңімпаз - Олимпиада -2014 финалисі Қазақстаннан Жанбота Алдабергеноваға бірнеше аздаған ұпай санымен жол берді. Үшінші орынға Беларусь өкілі Анна Рослик шықты.

Фристайл, шаңғы акробатикасы. Еуропа Кубогының кезеңі, екінші сөре. Минск (Беларусь), 30 қаңтар.

Әйелдер:

1. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) - 156,92. 2

2. Кристина Спиридонова (Ресей) - 156,24.

3. Анна Рослик (Беларусь) - 133,62.