- Жанбота Еркінқызы, көптен күткен Олимпиаданың алауы тұтанды. Қандай сезімдесіз?
- Иә, армандаған күндерге келіп жеттік. Енді сол арманның орындалған сәтін көру, сезіну ғана қалды. Дәл қазіргі көңіл-күйім жақсы. Күнделікті жаттығуымды да ойдағыдай жасаудамын. Бүгін бізде Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуымыздың алғашқы күні. Қазір жаттығу алаңына шығайын деп жатырмын. Ал кесте бойынша мен сайысқа 15 ақпанда шығамын.
- Кореяның ауа райына үйреніп қалған боларсыз?
- Иә, ауа райы да алғашқы келген күндерге қарағанда, қолайлы сияқты. Мүмкін ауа райына үйреніп қалдықпа?!.
- Жатын орындарыңыз жайлы ма? Өзге елдің тағамдары көңіліңізден шығып жатыр ма?
- Жатын бөлмелеріміз сәл тарлау. Бірақ, жылы таза. Тамақтары да жаман емес. Ең бастысы ет бар.
- Жаттығудан келген соң, бос уақытыңызда немен айналысасыз?
- Бізде, сіз ойлағандай бос уақыт жоқ. Әр сағатымыз кесте бойынша жоспарланған.
- Олимпиаданың жалпы спорттың жүгі ауыр. Осы саланы таңдағаныңызға өкінбейсіз бе?
- Жоқ, өзіміз таңдап алған кәсібіміз осы спорт. Сондықтан, бәріне шыдау керек.
- Әңгімеңізге рахмет! Сәттілік болсын!