«Алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай мен екпінді жел күтіледі.
6-7 шілдеде орталықта және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Батыста және оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылайтыны болжанады - 33 42°С дейін.
Ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта 22 35°С дейін, солтүстікте 23 30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста 20 30°С дейін аздап төмендеуі мүмкін», - делінген синоптиктер мәліметінде.