Жаңбыр-бұршақ, күшті жел, аптап ыстық - жексенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі елімізде жаңбыр-бұршақ жауып, жел күшейеді, бірқатар өңірде аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде фронталды ағындардың өтуіне байланысты әлі де құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстігінде, батысында күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Найзағай жарқылдайды, дауыл соңуы мүмкін. Бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел соғады. Жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, найзағай қарқылдайды.

Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарында, Түркістан облысының батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.