«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін түнде және таңертең тұман басады.
Жамбыл, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Сондай-ақ қатты ыстық Жамбыл, Түркістан облыстарында күтіледі.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.