Жаңбыр, бұршақ, найзағай: алматылықтарға ескерту жарияланды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады. Қаланың төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидрометтің» ескертуіне сәйкес 28 тамыз күні Алматыда нөсер жауын мен бұршақ жауып, найзағай ойнады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8, найзағай кезінде 15-20 м / с. жетеді», - делінген хабарламада.

Осы орайда қалалық ТЖД жүргізушілерден көліктерін көшеде қалдырмай, автотұраққа қою керектігін ескертеді.

Сондай-ақ, көліктерді жарық желісі тартылған жерден аулақ қою керектігін еске салады.

Одан бөлек, Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупі сақталады.

«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарып қалуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауларыңызды сұраймыз»,- деп ескертті төтеншеліктер.

Айта кетейік мегаполисте түнде басталған жауын үзіліспен әлі жауып тұр.