Жаңбыр, екпінді жел, бұршақ – сенбі күнгі ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстікте және орталықта тұман болса, батыс және оңтүстікте сенбі жауын-шашынсыз өтетіні болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады.

Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола және Павлодар облыстарында тұман күтіледі.

Сондай-ақ Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы және Ақтөбе облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.