Жаңбыр, қар, екпінді жел: 6 наурыз күнгі ауа райы болжамы
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Түнде басым аумақта, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Желдің күші 15-20 м/с болады, түнде кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Тнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында тұман, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарында 15-20 м/с екпінде жел болады.
Түркістан облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай болжанады. Желдің күші – 15-20 м/с.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, Жалаңашкөл аумағында желдің күші 18-23 м/с артады.
Атырау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.