Кәсіпорынның болжамына қарағанда, республикамыздың басым бөлігі оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты күн райы құбылып тұрады, кей жерлерде жауын-шашын болса, оңтүстікте, оңтүстікте кей уақытта нөсер жаңбыр, қалың қар түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Елдің солтүстік аймақтарына антициклон жотасы әлі де болса әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түседі.
Түнде және таңертең оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын, қар жаууы ықтимал.