Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Оңтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр, солтүстікте, орталықта жаңбыр және қар жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз күн күркірейді, түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз аймақтың басым бөлігінде 15-20 м/с, 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы, Түркістан, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Алматы облысында найзағай жарқылдайды.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің күші15-20 м/с болады.
Ақтөбе, түнде Манғыстау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күн күркірейді. Күндіз кей жерлерде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды.
Түнде Атырау облысының шығысында жел 18 м/с дейін күшейеді.