Атап айтқанда, күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстікте, батыста шаңды дауыл тұрып, солтүстікте, батыста, таулы, тау бөктерлі аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артады. Таңертең және күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында найзағай болжанады.
Күндіз Жамбыл облысының тауларында найзағай, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында желдің күші 15-23 жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Атырау, Қостанай облыстарының батысында, түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады.