Жаңбыр, жел, тұман - Сәрсенбіге ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, және екпінді жел тұрады, орталықта және шығыста бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Тек республиканың батысында күн райы ашық.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.