Жұма күні еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек еліміздің батыс жартысында антициклон жотасының әсерінен күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.
Түркістан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, жел күшейеді, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.