«Ұлыбританияда қыс қарлы және ылғалды. Басқа мезгілдерде де жаңбыр апталап жауады. Ұлыбританияда жауын шашынның орташа мөлшері 1 200 мм тең. Соған қарамастан мемлекетте су қоры азайып жатыр», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, былтыр Англияда алты ай бойы жауын шашын әдеттегіден төмен болған. Ал 2017 жылы Ұлыбританияда соңғы жүз жылдағы ең құрғақ жаз болды.
«Англия өзендерінің тек 17% экологиялық «денсаулығы» жақсы. Ал жерасты сулар мен су қоймаларында су мөлшері азайып кеткен», деп жазады автор.