АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бес мың тұрғынына жүргізген зерттеу коронавирустық инфекцияға қарсы ұжымдық иммунитеттің қалада 55-56% деңгейінде қалыптасқанын көрсетті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Зерттеуді санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы жүргізуде. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, кездейсоқ іріктеу арқылы 5 мың адам тексерілді, оның нәтижесі бойынша ұжымдық иммунитет 55-56% деңгейінде деген қорытынды жасалды.
«Алайда, бұл толық және дәл қорытынды шығару үшін жеткіліксіз. Жұмыс жалғасуда», - деді ол.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі екенін айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.