Жандарбек Бекшин «дельта» штамымен тіркелген алғашқы науқастың жағдайы туралы айтты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында «дельта» штамын жұқтырған алғашқы пациенттің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үнді штамы анықталған алғашқы пациенттің жағдайы жақсы. Ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды. Олар енді үйлерінде дәрігерлердің бақылауында болады. Эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Алматылық келіншек үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген және қаладағы бірнеше құрылыс дүкендерінде болған. Ауруды сол жақтан жұқтырып алды деген болжам бар» - деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, Алматыда үнді штамы 37 жастағы әйелден 22 маусым күні анықталған болатын.