АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы антиденелердің бар-жоқтығына қарамастан, маска тағып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«КВИ-ге қарсы иммунитет қаншалықты қалыптасатынын ешкім білмейді. Мысалы, менде коронавируспен ауырдым, бірақ мен маска тағамын. Вирус үнемі мутацияға ұшырап жатыр. Қалай болғанда да, маска тағу керек. Бұл қауіпсіздік үшін аса қажет»», - деді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін, ол Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.