АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Рамазан айы қарсаңында мегаполис тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу жолдап жатырмыз. Естеріңізде ме, былтыр ауызашар кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан болатын. Осыны ескеріп биылғы Рамазан айында біздің азаматтарымыз ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде үйге қонақ шақыруды азайтуларын сұраймыз»,- деді ол.
Еске салайық, Алматыда шектеулі карантиндік шаралар жеңілдетілді. Сауда орталығы мен базарларға жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында жазылған.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.