«Сидней университетінде австралиялық экологФранциско Санчез-Байоның басшылығымен ғалымдар жәндіктер санының азаюына қатысты 73 зерттеуге анализ жасаған. Ғалымдардың айтуынша, жәндік түрлерінің жартысы азайып, ал үштен бірі жойылу алдында тұр. Зерттеуде жәндіктер биомассасы жыл сайын 2,5 есе кемитіні жазылған. Мұндай қарқынмен жәндіктер жүз жылдан соң жойылып кетеді», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, адамдардың жәндікке жаны ашымайды.
«Адамдар құрт-құмырсқаларға келгенде тыжырынады, олардың неғұрлым аз болғаны жақсы деп ойлайды. Бірақ тұтастай бір экологиялық жүйенің күйреп жатқаны өте қауіпті» деп жазады автор.