Жандос Әлімов Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға басшы болды

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы қызметіне Жандос Әлімов тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жандос Әлімов бүгін тағайындалды.

Ол 1988 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген.

2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті жанындағы құқық және экономика колледжін, 2010 жылы «Қайнар» университетін, 2014 жылы Тұран университетін және 2016 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Шалқар аудандық әділет бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

— Еңбек жолының басым бөлігінде ҚР Әділет министрлігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде сот орындаушысы, сарапшы, басқарма басшысы, Қостанай облысы әділет департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.