Жандос Базартай: Өңірлердің экономикалық еркіндігі арттыру дер кезінде қолға алынбақ

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта елімізде өңірлердің экономикалық еркіндігі артады. Бұл аймақтардың дамуына оң серпіліс алып келеді. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Жандос Базартай ҚазАқпарат тілшісіне осылай пікірін білдірді.


«Үкіметтіңкеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердіңэкономикалық еркіндігі артатынына тоқталып өтті. Бұл орайда шағын және ортабизнестің корпоративті табыс салығын жергілікті бюджетке төлеуге заңнамалық негізқалыптастыру қажеттілігі айтылды. Мемлекет басшысының аталмыш пікірі өте орындыдеп санаймын. Бүгінде елімізде кәсіпкерлік саласының дамуына барынша қолдаужасалып келеді. Нәтижесінде Сыр өңірінде де аталмыш салада оң өзгерістерқалыптасты. Былтыр облыс кәсіпкерлікті дамыту жөнінен үздік аймақ саналды.Сондықтан алдағы уақытта бұл бағытта біздің өңірде өрелі істер жүзеге асадыдеген сенімдемін. Мемлекет басшысы өңірлердің экономикалық еркіндігі артуынәтижесінде жергілікті жерлерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қосымшаынталандыру шаралары жасалатынына тоқталды», - деді Жандос Базартай.

Оның айтуынша,Үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгінгі күнгі көптеген өзекті мәселелерсараланған. Солардың бірі - тұрғын үй мәселесі. Бұл орайда Қызылорда облысындасоңғы жылдарда оң өзгерістер көрініс беріп отыр. Өңірде тұрғын үй мәселесіншешу мақсатында «Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленген. Алдағы 4 жылда аймақта аумағы208,9 мың шаршы метрді құрайтын 3 510 пәтер пайдалануға берілмек.

«Үкіметтіңкеңейтілген отырысында бүгінгі күннің өзекті көптеген проблемалары таразыланды.Олардың барлығы - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында қолға алыныпотырған игі шаралар», - деді Жандос Базартай.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындаеліміздің алдағы дамуындағы көптеген мәселелер көтерілген болатын.

Соңғы жаңалықтар