АСТАНА. KAZINFORM – Жандос Иманалиев Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
- Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі тағайындалғанын жазған болатынбыз.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.