Ғалымдардың пікірінше, күнделікті рационға жержаңғақ, кешью және бразилиялық жаңғақтарды қосу арқылы жүрек дертіне шалдығу қаупін 30% төмендетуге болады. Сондай-ақ, жаңғақтар онкологиялық аурулардың алдын алуда да 10% пайдасы бар.
Бір зерттеушінің сөзіне қарағанда, жаңғақтың құрамындағы пайдалы заттар организмді холестериннен арылтуға септеседі, яғни түрлі дерттердің пайда болу қаупін бәсеңдетеді. Сарапшылар жаңғақтарды көбірек пайдалануға кеңес береді.