Жанған компьютер әкімшілік ғимараттың өртенуіне соқтырды - Алматы

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан 4 қабатты әкімшілік ғимаратында 25 қыркүйек күні сағат 06:49-да 412-ші кабинеттен өрт шықты.

Оған сондағы компьютердің жануы себеп болды.

 ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт сағат 06:55-те ауыздықталып, 07:01-де толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 40 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 0,5 шаршы метрге тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.