«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жергілікті халықтың сұранысы бойынша Р-56 «Ханорда ауылына кіреберіс» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-21 шақырымындағы учаскеде орта жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл учаске республикалық маңызы бар «Өнеге-Бисен-Сайқын-РФ шекарасы» автожолының және Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Ханорда ауылының арасында орналасқан», — деп жазды ведомстводан.
Аталған автожол учаскесі IV техникалық санатқа жатады және аймақтың жетекші туристік ТОП-50 бағытына кіретін «Ханорда тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК-ға апаратын жалғыз жолдың бірі.
Айта кету керек, қиыршық тас төлеу арқылы бұл жол өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. «ҚазАвтоЖол» 2024 жылдың аяғына жолды жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.