Ол кеше Лос-Анджелесте(Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО)жекпе-жекке шықты.
Орта салмақтағы онраундқа созылған айқаста Әлімханұлы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңдіжәне де екінші, бесінші раундта қарсыласын ногдаунға түсірді.
Енді Жәнібектің есебіндежеті жеңіс бар, ал МакЛеллан өзінің кәсіби бокста төртінші рет сүрініп отыр.