АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген Жәнібек Әлімханұлы бүгін АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-дегі парақшасында айтты.
"Салмақтан сәтті өтті. Ертең жекпе-жек", - дейді ол.
Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлының Америкадағы алғашқы жекпе-жегі Окландтағы бокс кешінде өтеді. Сегіз раундтық жекпе-жекте қазақстандық боксшы 27 жастағы колумбиялық Карлос Галванге қарсы (16-7-1, 15 КО) жұдырықтасады.
25 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте екі рет шығып, екеуінде де жеңіске жеткен.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.