Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингісінде 9-шы орында тұр. Осы ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) батыл түрде айқасқа шақырды.
«WBC рейтингісінде нөмірі 6. Дайын бол , Чарло, 2021 жылы жұдырықтасатын боламыз», - деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter парақшасында .
Одан кейін ол «2021 жылы мен чемпион боламын!» - деді.
Еске салсақ, Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн әзірге белгісіз, алайда спортшы Лос-Анджелесте дайындық жаттықтыруға кірісіп кеткен.
Биылғы жылы 10 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын.