Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBO) нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы деп танылғаны туралы хабардан кейін:
«Ресми жаңалықты күтеміз» деп жазды.
Инсайдер Рик Глейзер бүгін Әлімханұлының толыққанды чемпион атанғанын хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін толыққанды әлем чемпионы болған американдық боксшы Деметриус Андраде қазақстандықпен титулдық жекпе-жектен бас тартып, екінші орта салмақ дәрежесіне өткені айтылуда.
Еске салайық, қазір Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы.Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly