«Мен боксшылардың неліктен барлық титулдарды біріктіргісі келмейтінін түсінбеймін. Менің титулым бар. Бірігейік, чемпиондар!», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған.
ҚР Президенті Жәнібек Әлімханұлын құттықтап, қ азақ бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз деді.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly