«Келесі кім?» - деп сұрады Әлімханұлы Twitter-де өзінің екі чемпиондық белдігін көрсетіп. Ертерек Жәнібек Әлімханұлы бірнеше рет орта салмақтағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған.
Нжикамға қарсы айқаста қазақстандық WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап шықты. Ол үшінші раундта французды нокдаунға жіберіп, сегізінші раунда жекпе-жекті уақытынан ерте аяқтады. Бұл 28 жастағы боксшының қатарынан бесінші нокауты. Әлімханұлы нокаутпен жеңіске жеткеннен кейін өзінің жанкүйерлеріне арнап видео жазды.