АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол». Әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазған WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Голливудтағы «Жұлдыздар аллеясында» есімін қалдыруға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Боксшы өз атының Мұхаммед Әлидің есімі жанына жазылғанын қалайды.
«Міне, мына жерде Мұхаммед Әлидің аты жазылған. Мына жағында кішкене бос орын тұр. Құдай қаласа, тарихта қалып, осы орынға атымызды жаздырсақ деген ой да, мақсат та бар. Адам істегенді адам істейді. Біздің карьерадағы жоспардың бірі – осы жерге Qazaq style атын жазу», - деді ол.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) кезекті жекпе-жегінің алдында жаттықтырушысын ауыстырған болатын.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.