«Міне, Мунгия үшін тағы бір ықтимал қарсылас. Мен өзіндік стиль жекпе-жектерді жасайды деп ойлай бастағаннан кейін, маған Мунгия – Әлімханұлы жекпе-жегі қатты ұнайды. Бұл – салмақты айқас», — деп жазды Саласар Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы да Хайме Мунгиямен болуы мүмкін жекпе-жек туралы жиі айта бастады. Бастапқыда боксшымыз бразилиялық Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін айқасады деп жоспарланған болатын. Алайда әзірге олардың командалары келісімге келе алмады. Мунгияға келетін болсақ, ол WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпион.