Жекпе-жек 27 маусым, жексенбі күні, таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді. Кештің басты оқиғасы украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10КО) мен жапон боксшысы Масаёси Накатани (19-1, 13КО) арасындағы айқас болмақ.
Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6ко) екінші раундта нокаутқа жіберген еді. Ал Роб Брант 2020 жылдың тамызында рингке шығып, украиналық боксшы Виталий Копыленконы (28-3, 16КО) бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетейік, Әлімханұлы-Брант кездесуінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады және «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.
Бұған дейін қазақстандық боксшының осы айқас алдында коронавирусқа тест тапсырғанын жазған болатынбыз.
Жәнібектің айтуынша, ол Вегаста бокстың қазақ мәнерін көрсететін болады.