Осыдан бірер сәт бұрын 75 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы моңғолиялық былғары қолғап шебері Шинебаяр Нармандахты техникалық нокаутпен жеңіп, финалға шықты.
Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Осылайша Жәнібек Риодағы байрақты бәсекеде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Бұған дейін 64 келіде Абылайхан Жүсіпов қытайлық боксшы Цянксун Худы тізе бүктіріп, финалға шыққан болатын. Ал, 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) - Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.