Жәнібек промо-роликті Instagram парақшасында жариялап, астына: «Қазақ бокс стилі», - деп жазды.
Еске сала кетейік, Жәнібек 2 ақпан күні Фриско (Техас штаты, АҚШ) қаласында рингке шығады. Оның Пуэрто-Рикода туған америкалық Стивен Мартинес (18-4, 13 КО) қарсылас болмақ. Кездесу сегіз раундқа есептелген. Бокс кешінің басты оқиғалары: Ричард Комми - Иса Чаниев жекпе-жегі, сондай-ақ Сергей Ковалев пен Элейдер Альварестің реваншы.