НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Профи-рингте жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы ол Іnstagram-парақшасында жазып, жаттығу барысынан видео жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жекпе-жек наурыз айында болады, бұйыртса! Дайындық қызу жүріп жатыр. QAZAQ STYLE», - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберта Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.