«Келесі жекпе-жегімді тағатсыздана күтіп жүрмін. Бүкіл әлемге қазақша стильді тағы бір көрсеткім келіп отыр», - деп жазды боксшы Twitter-дегі парақшасында .
Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн әзірге белгісіз, алайда спортшы Лос-Анджелесте дайындық жаттықтыруға кірісіп кеткен.
Еске сала кетейік, бір апта бұрын Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын.
Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды.