Жәнібек Әлімханұлы мен МакЛиллан жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жәнібек Әлімханұлы мен МакЛиллан жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшы ЖәнібекӘлімханұлы 18 тамызда канадалық Стюарт МакЛилланмен жұдырықтасады. Айқасты Qazsportарнасы 18 тамызда таңертең сағат 06:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Жәнібек Әлімханұлыкәсіпқой рингте 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түсті. 32жастағы канадалық МакЛиллан шаршы алаңдағы 33 кездесуінің 27-інде жеңіскежеткен.

Banc of CaliforniaStadium аренасындағы бокс кешінің басты бәсекесінде WBO тұжырымы бойынша әлемчемпионы Эмануэль Навaррете /27-1, 23 КО/ мен америкалық Франсиско де Вака/20-0, 6 КО/ қолғап түйістіреді.

Айта кетерлігі, биылсәуірде Жәнібек Әлімханұлы қос бірдей белбеуді - WBC Continental Americas жәнеWBO Global иеленген.

Еске слаа кетсек, бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюард өз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпінде көрсеткен. Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне жекпе-жекті тамашалауды әрі «...канадалықты бірге жазалауды» ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар