«Сейсенбі күні орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титул үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнумға арналған промоутерлік өтінім жойылды және мәміле жасалды. Олар 21 мамырда ESPN арнасының басты шарасында кездеседі», - деп жазды журналист Дэн Рафаэль Twitter-де Top Rank вице-президенті Карл Морреттидің сөздеріне сілтеме жасап.
02:38, 31 Наурыз 2022
Жәнібек Әлімханұлы өз карьерасындағы ең үлкен жекпе-жегін өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титул үшін жекпе-жек 21 мамырда өтеді және ол ESPN телеарнасындағы бокс кешіні ең бастысы болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.