Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы өткен рейтингіде тоғызыншы орында болған. Енді жетінші орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, ол өзінің жақында болған жекпе-жегінде WBA Regular нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы АҚШ боксшысы орта салмақтағы Роб Брантты жеңді. Америкалық Әлімханұлынан жеңілгеннен кейін Үздік ондықтан шығып қалды.
Рейтингідегі бірінші орын IBF/IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге тиесілі. Одан кейінгі орындарға америкалық Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде жайғасқан.
Төрттен онға дейінгі орындар төмендегідей бөлінген:
4. Сергей Деревянченко (Украина)
5. Риота Мурата (Жапония)
6. Хайме Мунгия (Мексика)
7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
8. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)
9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания)