«Біз қазақстандық стильді көрсету үшін Лас-Вегасқа келдік. Ертең салмақ өлшеу рәсімі болады. Біз дайынбыз!», - деп жазды Жәнібек Twitter парақшасына.
Әлімханұлы өзінің ең соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында Нигерияның тумасы, канадалық Альберто Онолуносеге (24-3-1, 8 КО) қарсы өткізіп, алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберген болатын. Кория 2019 жылдың маусымынан бері рингке шықпаған.
Кейінгі айқасында төрешілердің бірауызды шешімімен мексикалық Маркос Рейесті (37-8, 28 КО) жеңген еді.