Өткен жылғы рангтар туралы табельдің қорытынды шығарылымында Жәнібек сегізінші орында қалды. Алғашқы үштікті британдық Крис Юбэнк, Мексикадан келген Хайме Мунгия және ресейлік спортшы Магомед Мадиев құрайды. WBA Super әлем чемпионы - жапондық Риота Мурата, ал Кубаның өкілі Эрисланди Лара «қарапайым» титулға ие.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазақстандық боксшы екі жекпе-жек өткізіп, оларда бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брант пен француз Хассан Ндам Нжикамды мерзімінен бұрын жеңген болатын.