«Қайдасыңдар, чемпиондар?», - деп жазды Жәнібек.
Әлімханұлы 2020 жылы чемпиондармен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеген, ал одан бұрын орта салмақтағы WBO титулының иегері Деметриус Андрадені айқасқа шақырды.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберта Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады. «Қазақ бокс стилі» көктемде рингке қайта оралмақ.