Спортшының командасы мәлімдегендей, Жәнібек жаттығу кезінде жарақат алып, жарыстан шықты. Енді қазақстандықтың рингке оралуы көктемнің соңында немесе жаздың басында болады деп күтілуде.
Жәнібек Әлімханұлының ақпан айындағы жекпе-жегі бойынша қарсыласы әзірге белгісіз.
Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы Америкада жаттығып жатқан болатын.Ол орта салмақтағы WBO Global чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген. Ол кезде аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.