Оның нәтижелері бойынша Жәнібек Әлімханұлы «Жылдың үздік боксшысы» атанды. «Азия чемпионы (2013), әлем чемпионы (2013), ХVІІ Жазғы Азия ойындарының (2014) жеңімпазы атанған Алматы облысының Жыланды ауылының тумасы 21 жастағы Жәнібек Әлімханұлы биік белестерді бағындырудан танбауда! Инчхонда алтын медальға ие болуы оның Алматыдағы біріншілікте алғашқы орынды иеленуі кездейсоқ емес екендігін дәлелдеп, бұл Мұрат Сихымбаевтың шәкірті үшін даңғыл жол ашты», делінген таратылған хабарламада. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда, Жәнібектің кәсіби шеберлігінің де шыңдала түскені аталып өтілген. «Сонымен, Ж.Әлімханұлы қазір Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға әзірлік үстінде. Ол өзіне биік мақсат қойып отыр, енді шегінер жол жоқ...», деп нақтыланған конфедерация мәліметінде.
20:32, 31 Желтоқсан 2014
Жәнібек Әлімханұлы жылдың үздік боксшысы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық жекпе-жектер және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы порталы www.confederation.kz отандық БАҚ және мамандар арасында 2014 жылғы Қазақстандағы үздік боксшыны анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.